jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Илья Ильиннің келіншегіне тікелей эфирде беташар жасалды

    Илья Ильин жұбайымен тікелей эфирде
    Илья Ильин жұбайымен. Скриншот: "Хабар" арнасы

    Елімізге белгілі ауыр атлет, әлем чемпионы Илья Ильин жақында Татьяна есімді келіншекпен бас қосып, үйлену тойын өткізген болатын. Бүгін "Хабар" арнасындағы "Оян" бағдарламасында қазақтың салты бойынша келіннің беташары жасалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Беташар дәстүрін орындау үшін тележүргізушілер арнайы айтыскер ақынды эфирге шақырған. Осылайша, келіннің беті барлық қазақ дәстүрлеріне сай ашылып, Татьяна иіліп сәлем салды.

    "Біздің тойымыз әлі жалғасып жатыр. Кеше әйеліме осыны айтқанмын. Халық сұрап жатыр. Халық сұрағасын той жалғасады. Шыны керек, көзіме жас келді", - деді Илья.

    Эфир барысында көрермендер хабарласып, беташардың ақшасын қайда салу керектігін де сұрап үлгерді.

    Айта кетейік, Илья мен Татьяна салтанатты кештердің бірінде танысқан. Балетке арналған іс-шарадан соң Ильин сүйіктісін үйіне шығарып салып, сол кештен бастап екеуінің тағдыр жолы түйіскен екен.

    Илья Ильин ауыр атлетикадан әлем және Азия ойындарының чемпионы.

    Илья Ильиннің келіншегіне тікелей эфирде беташар жасалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.