jitsu gif
Спорт

    Сабина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшылар тізіміне енді

    Волейболистка Сабина Алтынбекова
    Сабина Алтынбекова. Фото: instagram.com/altynbekova_20/

    БАӘ-нің жаңа чемпионы, 26 жастағы қазақстандық спортшы Сабина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшылар тізіміне енді, деп хабарлайды Milliyet түрік сайты.

    Ақпарат көзінің мәліметінше, Сабинаның байлығы 4,7 миллион долларға (қазіргі бағам бойынша 2,1 миллиард теңге) бағаланған. Әлемдегі ең бай волейболшылар тізімінде Алтынбекова 11-ші орында.

    Тізімм жасау барысында клубтардан түскен қаражат, демеушілік табыстар мен жылжымайтын мүлікке салынған инвестиция ескерілгені айтылған.

    Әлемдегі ең бай 10 волейболшылардың тізімі төмендегідей:

    10. Саманта Брисио (Мексика) – 4,7 миллион доллар

    9. Бренда Кастильо (Доминикан Республикасы) – 6 миллион доллар

    8. Фабиана Клаудино (Бразилия) – 6,9 миллион доллар

    7. Ким Ен-Кун (Оңтүстік Корея) – 7 миллион доллар

    6. Юлия Герасимова (Украина) – 7 миллион доллар

    5. Паола Эгону (Италия) – 7,3 миллион доллар

    4. Таиса Паллези (Бразилия) – 7,7 миллион доллар

    3. Габриэла Гимараес (Бразилия) – 8,8 миллион доллар

    2. Жаклин Карвальо (Бразилия) – 9,1 миллион доллар

    1. Шейла Кастро (Бразилия) – 12 миллион доллар.

    Сабина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшылар тізіміне енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.