jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Мені түсінесің бе, жаңа өмір": марқұм болған Владимир Седовтың желіде соңғы рет не жазғаны анықталды

    Владимир Седов
    Владимир Седов. Фото: instagram.com/ushtobeqz

    Бүгін 35 жастағы зілтемірші Владимир Седовтың қайтыс болғаны расталды. Спортшы өмірінің соңына қарай желіде сториз қалдырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Владимир Седов әлеуметтік желіні белсенді жүргізбеген. Десе де, ол өмірінің соңғы кездерінде Instagram-ға түрлі фотолар бөлісіп отырды.

    Мәселен, ол балаларды қорғау күніне орай өткен іс-шараға қатысқан. Сондай-ақ Түркістанға саяхат жасап, Қожа-Ахмет Яссауи кесенсінің қасында суретке түскен.

    Ауыр атлет өзінің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында өнер көрсеткен кездерін желіге жариялаған.

    Сонымен қатар 2009 жылы Оңтүстік Кореяның Гоянг қаласында өткен әлем чемпионатындағы сәттерін бөліскен. Сол жылы Седов әлем чемпионы атанған болатын.

    Ал соңғы сторизінде ол 18 жастағы NЮ есімді музыканттың әнінен үзінді келтірген.

    "Мен өзгердім, мені танымай қаласыз. Қан бұрқылдамайды, бұл тек су. Жаңа өмір сен мені түсінесің бе", - деп жазды Седов.

    Алайда IWF спортшыны 8 жылға спорттан шеттетті. Седовтың допинг сынамасынан станазалол табылған еді.

    Жетісу облыстық полиция департаменті танымал спортшы Владимир Седовтың қайтыс болғанын хабарлады.

    "Мені түсінесің бе, жаңа өмір": марқұм болған Владимир Седовтың желіде соңғы рет не жазғаны анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.