jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов қайтыс болды

    Владимир Седов
    Владимир Седов. Фото: olympic.kz

    2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қатысушысы, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы Владимир Седов қайтыс болды. Бұл ақпаратты Жетісу облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    35 жастағы спортшының денесі өзі тұрып жатқан Қаратал ауданының Достық ауылынан табылған.

    "Зорлықпен өлтіру белгілері табылған жоқ. Туыстарының мәліметі бойынша, ер адам өз өзіне қол жұмсаған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық іс аудандық полиция басшылығының назарында", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция басқармасы.

    Айта кетелік, Владимир Седов 2009 жылы әлем чемпионы атанған болатын. Алайда допингке байланысты жүлдесін қайтарып берді.

    Сондай-ақ спортшы танымал ауыр атлет Светлана Подобедовамен некеде болған.

    Қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.