jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Бағдарлама кезінде ұлына қоңырау шалған Тұрлыханов көз жасына ерік берді (видео)

    Дәулет Тұрлыханов сұхбат беруде
    Дәулет Тұрлыханов сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Dina Tolepbergen

    Танымал спортшы, депутат Дәулет Тұрлыханов бағдарлама кезінде ұлдарына хабарласып, жылап қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тұрлыханов Дина Төлепберген жүргізетін "Динамен дұрыс" бағдарламасына қонақ ретінде қатысқан еді. Сол кеште жүргізушінің өтініші бойынша даңқты балуан ұлдарына хабарласып, жақсы көретінін айту керек болатын.

    Депутат баласына хабарласып, көз жасына ерік берді. Ол перзентіне деген махаббатын білдіру неге қиынға соғатынын түсіндірді.

    "Тәртіп. Жылулық керек. Жылулықты шеше берсін деп ойлаймыз ғой", - деді спортшы.

    Айта кетейік, биыл ақпан айында адвокат Анна Чернова (Димитриевич) күйеуі екеуі қызды ұрып жатқан жігітті тоқтатпақ болғанда өздері соққыға жығылғанын мәлімдеген еді.

    Кейін адвокаттар шабуыл жасаған белгілі спортшы, мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екенін білген.

    Бұл жайтқа қатысты Дәулет Тұрлыханов пікір білдіріп, ұлының кінәсі дәлелденсе, заңға сәйкес жауап беретінін мәлімдеген еді.

    9 қазан күні Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты сот үкімі шықты. Оған 1 млн 725 000 теңге (500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде) айыппұл тағайындалды.

    Бағдарлама кезінде ұлына қоңырау шалған Тұрлыханов көз жасына ерік берді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.