jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбе облысында Тоғжанов лентасын қиып кеткен спорт кешенінің ашылмай тұрғаны ауыл тұрғындарының шамына тиді

    Ералы Тоғжано ауыл тұрғындарымен бірге
    Ералы Тоғжанов лентасын қиған спорт кешені. Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің Instagram парақшасы

    Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бегімбет ауылында төрт ай бұрын салтанатты түрде ашылу рәсімі болған спорт кешені әлі іске қосылмай тұр. Ауыл тұрғындарыжергілікті әкімдікке орталықтың құжатын реттеуді созбалаңға салып жібергеніне наразы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Жазда облыс әкімі келіп ашып кеткен спорт нысаны үнемі жабық тұрады. Ашылуы болған сәтте Ералы Тоғжанов мырзамен бірге бардық. Келесі күні жауып тастады. Ауыл жастары ренжіп жүр. Орталық салтанатты түрде ашылғанда жұмыс орны да ашылады деп күткен едік", - деді ауыл тұрғыны.

    Аудан әкімдігі құрылысы бітіп тұрған кешенді коммуналдық меншікке беру үшін құқық растаушы құжаттары әзірленіп жатқанын хабарлады. Аудан әкімі құжаттары дайын емес спорт кешеніне қызметкердердің жұмысқа алынбағанын да растады.

    "Ресми түрде лентасы қиылды. Мердігер компания құрылыс басқармасына тапсырды. Кілтін тапсырды. Қазір оның тек құжаттары қалды. Енді спорт басқармасына беру керек. Оның ішінде әлі штаттық кестесі бекітілмеді. Ауылдың жастары, ауыл балалары кіріп ойнап жүр. Ауылдағы спорт нұсқаушысы ұйымдастырып жүр. Құжаттары дайын болып қалды. Бір-екі күнде аяқталып қалады", - деді Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидехан.

    Бегімбет ауылында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ресми ашылғанын Ақтөбе облысы әкімдігінің желідегі парақшасынан көруге болады. Төрт ай бұрын салтанатты рәсімге Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ералы Тоғжанов, Айшуақ ауылдық округінің тұрғындары қатысқан сәттен видео бар. Әкімдіктің хабарлауынша, ангар типті кешеннің құрылысы былтыр маусым айында басталды. 500-ге жуық бала волейбол, баскетбол, күрес залдарында спортпен шұғылдана алады делінген.

    Автор: Ардақ Ерубаева

    Ақтөбе облысында Тоғжанов лентасын қиып кеткен спорт кешенінің ашылмай тұрғаны ауыл тұрғындарының шамына тиді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.