jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Тұңғыш рет қазақстандық каратэші әлем чемпионы атанды

    Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада қарсаңында жеке бапкерінің өмірден өткенін айтты
    Мөлдір Жаңбырбай. Фото: olympic.kz

    Отандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл жаңалықты алғашқылардың бірі болып каратэ құрамасының бас бапкері Тарек Абдесселем жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандық спортшы финалда италиялық қарсыласын тізе бүктірді. Оған дейін жартылай финалда әлем рейтингінің көшбасшысы Венесуэла каратэшісін айқын басымдықпен жеңіп (11-3), сенсация жасаған еді. 

    Мөлдір Жаңбырбай тарихта тұңғыш рет каратэден әлем чемпионы атанған спортшы болды.

    Бұған дейін ересектер арасында Қазақстаннан WKF каратэден әлем чемпионы шықпаған. Жастар, жасөспірімдер санатында жеңімпаздар бар. 

    Отандасымыз небәрі бір айдың ішінде екі жүлдеге ие болды. Әлем біріншілігінің алтынын алмас бұрын, Мөлдір Ханчжоуда өткен Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.