jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Финалда кездесейік": бокстан Өзбекстан құрамасының бапкері Мырзағали Айтжановпен жолықты

    Рахматжон Рузиахунов пен Мырзағали Айтжанов
    Рахматжон Рузиахунов пен Мырзағали Айтжанов. Фото: instagram.com/rakhmatjon_ruziakhunov

    Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бапкері Рахматжон Рузиахунов пен Қазақстан құрамасының бапкері Мырзағали Айтжанов кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Рахматжон Рузиахуновтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Екі бапкер Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік лицензиялық турнирде жолыққан көрінеді.

    "Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары финалда кездессін. Біздің достығымыз мәңгілік", – деді Рахматжон Рузиахунов.

    Айта кетейік, екі елдің де боксшылары Италиядағы әлемдік лицензиялық турнирде Олимпиаданың 5 жолдамасын иеленді. Өзбекстан құрамасынан Руслан Абдуллаев (63,5 келі), Асадхуджа Муйдинхуджаев (71 келі), Турабек Хабибуллаев (80 келі), Лазизбек Муллажонов (92 келі) және Сабина Бобокулова (50 келі) лицензия жеңіп алды.

    Ал Қазақстан құрамасынан Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) Парижде өтетін әлемдік додаға қатысуға мүмкіндік алды.

    "Финалда кездесейік": бокстан Өзбекстан құрамасының бапкері Мырзағали Айтжановпен жолықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.