jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Асу Алмабаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау білдірді

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Асу Алмабаев 21 наурызда Грекияға қарсы ойнайтын футболдан Қазақстан құрамасына қолдау білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Naiza лигасының Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Асу Алмабаев бүгін, 20 наурызда өткен баспасөз мәслихатында футбол матчтарын қарамайтынын айтты. Бірақ футболдан Қазақстан құрамасына Грекияға қарсы ойын алдында қолдау білдірді.

    "Жеңіс тілеймін. Қазақстанның туы қай мемлекетте желбіреп жатса да әрдайым тек қолдау көрсетеміз, жанкүйер боламыз. Қандай спорттың түрінен болса да отандастарымыз намысты қолдан бермей, жеңіске жетіп жатса, ел болып қолдаймыз", – деді Асу Алмабаев баспасөз мәслихатында.

    Айта кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекияға қарсы ойын өткізеді. Матч сағат 00:45-те басталады және "Qazsport", "Qazaqstan" телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі. Қазақстан құрамасы осы ойында жеңсе, Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдаманы сарапқа салады.

    Асу Алмабаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.