jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Әлімжан Асқар: Екі сағат болатын матчты жүргізу үшін он сағат жол жүріп келетінмін

    Әлімжан Асқар
    Әлімжан Асқар. Фото: instagram.com/alimjanasqar

    Футбол комментаторы Әлімжан Асқар спорт журналистикасына қалай келгенін және танымалдылығы туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Marat Oralgazin" Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Чемпиондар лигасын көрсететін телеарнаға комментатор керек болды. Мен сол арнаның атынан әлеуметтік желіде парақша ашып, жүргізіп жүргенмін. Бір күні арнаның қызметкерлері хабарласты. "Неге сен біздің атымызды жамылып парақша ашып жүрсің?" деп ұрса ма деп ойладым. Бірақ керісінше алғыс айтып, арнаға комментатор керек екені туралы хабарлама жариялауымды өтінді. Хабарламаны жарияладым, алайда ешкім ниет білдірген жоқ.

    Cол кезде мен қазақ тілін жақсы білетінімді алға тартып, комментатор болып көруге өтініш жасадым, олар келісті. Сөйтіп Түлкібас пен Алматы арасында автобуспен қатынап жүріп, жарты жылдай матч жүргіздім. Алматыға баруыма 10 сағат кететін, ал матч 2 сағат болатын. Үйдегілер "15 мың теңге жұмсап барып келесің, 12 мың теңге табасың, не жұмыс бұл?" деп ұрсатын", – деді комментатор.

    Cондай-ақ Әлімжан Асқар қалай танымал болып кеткенін айтты.

    "5 жыл бойы телеарнада жұмыс істедім. Ағылшын Премьер лигасының матчтарын апта сайын жүргіздім. Бірақ Qarakesek арқылы танымал болып кеттім", – деді ол.

    Еске салайық, Әлімжан Асқар футболдан Катарда өткен әлем чемпионатының матчын жүргізгенде белгілі әнші Qarakesek-тің "Қураған гүл" әнінен үзінді оқып, желіні жарған еді.

    Әлімжан Асқар: Екі сағат болатын матчты жүргізу үшін он сағат жол жүріп келетінмін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.