jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуа қазақстандық боксқа баға берді

    Энтони Джошуа
    Энтони Джошуа. Фото: Getty Images/ Richard Heathcote / Staff

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, британдық Энтони Джошуамен кездесуі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ SPORT+ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Зәуірбек IBF, WBA, WBO, IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионымен оқу-жаттығу жиынында кездескен көрінеді.

    "Өте қарапайым жігіт, басында онымен амандаса аламын ба деп ойлағанмын, бірақ ол өзі мені құшақтап, жаттығуға шақырды. Қазақстанның әуесқой боксын мақтады. Англия құрамасының бапкері де мақтап кетті", - деді қазақстандық боксшы.

    Энтони Джошуа 9 наурызда ауыр салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Фрэнсис Нганнумен жұдырықтасты. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған болатын, бірақ екінші раундта Джошуа қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

    Сұлтан Зәуірбек (17-0, 12 КО) 2 наурызда Англиядағы бокс кешінде колумбиялық Виктор Хулиомен (17-11, 9 КО) қолғап түйістірген еді. Ол сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жектің соңына дейін жетіп, төрешілердің шешімімен қарсыласынан басым түсті.

    Ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуа қазақстандық боксқа баға берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.