jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Реал Мадридтің" ойыны кезінде алаңға жүгіріп шыққан жанкүйер түрмеге отыруы мүмкін

    Алаңға жүгіріп шыққан жасөспірім
    Алаңға жүгіріп шыққан жасөспірім. Фото: twitter.com/SiaranBolaLive

    Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалында алаңға жүгіріп шыққан жасөспірім жазаланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    1 маусымда Лондондағы "Уэмбли" стадионында Чемпиондар лигасының финалы болған еді. "Реал Мадрид" командасы "Боруссия Дортмунд" клубын 2:0 есебімен жеңіп, 15-мәрте чемпион атанды.

    Матчтың алғашқы минуттарында 16 жастағы жасөспірім алаңға жүгіріп шыққан болатын. Ол осы әрекеті үшін жазаланды. Сот үкімі бойынша, жасөспірім 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды және сот шығындарын өтеуге міндеттелді. Ол тергеу барысында Melstroy лақап атымен танымал блогер Андрей Буримнен 300 мың фунт (183 млн теңге) ұтып алу үшін алаңға жүгіріп шыққанын мойындаған. Сондай-ақ футболға қызықпайтынын, бұған дейін матчтарға ешқашан бармағанын айтты.

    "Мен жай ғана қалжыңдағым келді. Осы әрекетім үшін қатты өкінемін. Бұл менің ең пайдасыз шешімім болды деп ойлаймын", - деді жасөспірім сотта.

    Еске салайық, Еуро-2024 матчы кезінде алаңға шығып, Криштиану Роналдумен суретке түскені үшін 10 жасар жанкүйер жазаланғанын жазған едік.

    "Реал Мадридтің" ойыны кезінде алаңға жүгіріп шыққан жанкүйер түрмеге отыруы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.