jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада салт аттылар шеруі өтеді: бірнеше жол көлік қозғалысы үшін уақытша жабылады

    Шабандоздар
    Шабандоздар. Фото: Астана әкімдігі

    Астанада 28 шілдеде таңғы сағат 07:00-де Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында салт аттылар шеруі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігі ресми сайтында хабарлады.

    Әкімдік ақпаратынша, шабандоздар "Барыс Арена" спорт кешенінің іргелес аумағына жиналып, одан әрі Қабанбай батыр даңғылынан "Астана Арена" алдындағы алаңға барады.

    Кейін шабандоздар Қабанбай батыр даңғылының бойымен Бұқар жырау көшесіне қарай жүріп, Ботаникалық бақ бойымен Түркістан көшесіне қарай солға бұрылады.

    Одан әрі топ Орынбор көшесі арқылы Ақмешіт көшесіне шығады. Содан кейін Достық көшесіне дейін "Азия парк" СОО алдында шағын архитектуралық аялдамамен өтеді.

    Соңында Қабанбай батыр даңғылындағы шабандоздар Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына жетіп, іс-шараны аяқтайды.

    "Шеру кезінде бүкіл маршрут бойынша жол қозғалысы уақытша жабылады", - делінген хабарда.

    Естеріңізге сала кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте өтеді. Іс-шараға 2000-ға жуық спортшы қатысады деп күтіліп отыр.

    Астанада өтетін Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

    Спорт жарыстары мен мәдени іс-шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деп болжанды.

    Астанада салт аттылар шеруі өтеді: бірнеше жол көлік қозғалысы үшін уақытша жабылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.