jitsu gif
Спорт

    Шавкат Рахмоновтың қарындасы шенді қызметке тағайындалды

    Сора Рахмонова
    Сора Рахмонова. Фото: instagram/sora_rakhmonova_

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова шенді қызметке тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Сора Рахмонова Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазба жариялап, жаңа қызметке кіріскенін мәлімдеді.

    "Жаңа қызмет! Құттықтап қойсаңыздар болады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкері болып өзімді жаңа қырымнан сынамақшымын.

    Менің негізгі міндетім Төтенше жағдайлар министрлігінің спорттық идеологиясын насихаттау. Төтенше жағдайлар қызметі үнемі спорттық бапты талап етеді. Елдің амандығы, жұрттың тыныштығы үшін жиырма төрт сағат бойы қауіп-қатермен бетпе-бет келетін қызметкерлер жұртты құтқарамыз деп өз бастарын бәйгеге тігіп жүреді. Бұндай қиын да жауапты қызметте жүріп бір сәт те босаңсуға болмайды! Әрқашан спортпен айналысып, ел амандығы үшін қызмет ететің құтқарушылар қатарына мен де қосылдым! Жаңа қызметіме сәттілік тілеп қойыңыздар", - деді Сора Рахмонова.

    Айта кетейік, Рахмонова Сора Бақтыбайқызы қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы, кәсіпқой аралас жекпе-жек жауынгері, кикбоксинг, кайбокс, ММА, панкратион спорт түрлерінен ҚР спорт шебері, бразилиялық джиу-джитсудан көк белбеу иегері

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.