jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Елдос Сметов пен Демеу Жадыраев Ақордада ерекше амандасты

    Елдос Сметов және Демеу Жадыраев
    Елдос Сметов және Демеу Жадыраев. Скриншот: t.me/baltabayev

    Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен грек-рим күресінен күміс жүлдегер Демеу Жадыраев Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу алдында ерекше амандасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Сметов пен Жадыраевтың амандасқан сәтінің видеосын журналист Әділ Балтабаев Telegram желісіндегі арнасына жариялады. Видеодан Елдос Сметов пен Демеу Жадыраев төс қағыстырып амандасқанын, кейін Демеу Олимпиада чемпионын жықпақ болғаны көрінеді. Бірақ Сметов аяғында нық тұрып, оған жол бермегенін байқауға болады.

    Бүгін, 27 тамызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті. Президент салтанатты жиынға қатысушы спортшылар мен бапкерлерді Париж Олимпиадасындағы жетістіктерімен құттықтап, әрбір жеңіс зор ерік-жігер мен қажырлы еңбектің жемісі екеніне назар аударды.

    Тоқаев алдымен Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің жеңісіне ерекше тоқталды. Сондай-ақ мемлекет басшысы Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған спортшылар мен бапкерлерді мемлекеттік төсбелгімен марапаттады.

    Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде жеңіп алып, жалпы есепте 43-орынға тұрақтаған еді.

    Елдос Сметов пен Демеу Жадыраев Ақордада ерекше амандасты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.