jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Командадан 4 футболшы кетті: Қазақстан ұлттық құрамасында өзгерістер болды

    Футзалдан Қазақстан құрамасы
    Футзалдан Қазақстан құрамасы Фото: kff.kz

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында бірқатар өзгеріс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ұлттық құраманың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасында бірқатар өзгерістер болды: Семен Тарасенко, Төрехан Досов, Нұрқанат Бахтияров және Қайрат Иманалин өз клубтарына оралды.
    • Бас бапкер Каканың айтуынша, Иранмен өтетін жолдастық матчтардан кейін тағы екі ойыншы командадан кетеді.
    • Құрама Тәжікстанмен екі жолдастық матч өткізіп, жеңіске жетті, ал алдағы уақытта Иран және Аргентина құрамаларымен кездесулер жоспарланған.

    Тәжікстанға қарсы жолдастық матчтардан кейін футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылары Семен Тарасенко, Төрехан Досов, Нұрқанат Бахтияров пен Қайрат Иманалин ұлттық құрамадағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтап, өз клубтарына оралды.

    "Бұған дейін жоспарлағанымыздай, Тәжікстанға қарсы жолдастық матчтардан кейін үш ойыншыны жібердік. Енді Иранмен өтетін жолдастық матчтардан соң тағы екі ойыншы командадан кетеді. Алғашқы матчтардан соң Тарасенко, Досов пен Бақтияров кетті. Алайда Қайрат Иманалин командадан өз еркімен кеткісі келетінін айтты. Өтінішін қабыл алып, жиын үшін алғысымды айттым. Иранға қарсы матчтардан соң тағы бір ойыншы клубына оралады", - деді бас бапкер Кака.

    Сондай-ақ командаға Лео Жарагуа қосылып, бүгін бірінші жаттығуын өткізді.

    Айта кетейік, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы өткен аптада Тәжікстанға қарсы екі жолдастық кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен (3:0, 4:3).

    Енді Қазақстан ұлттық құрамасы 30 тамыз бен 1 қыркүйекте Астанада Иранға қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Ал 8 қыркүйекте Алматыда Аргентина құрамасына қарсы ойнайды.

    Командадан 4 футболшы кетті: Қазақстан ұлттық құрамасында өзгерістер болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.