
Отандық танымал боксшы Жанқош Тұраровтың келіншегі Клара Иса күйеуімен қалай танысқанын айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Спортшының әйелі жолдасымен танысқан кезді еске алып, Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен бөлісті. Клара Иса күйеуі екеуі бір жарым жыл бойы ұялы телефонмен сөйлесіп жүрсе де, мүлдем кездеспегенін айтты.
"Instagram әлеуметтік желісі арқылы таныстық. Бір жарым жыл телефонмен сөйлесіп жүрдік. Кейін кездестік. Алғашқы кездесуіміз бір жарым жылдан кейін мейрамханада болды. Төрт жыл таныстықтан соң шаңырақ көтердік. Екі жарым жыл қыз бен жігіт болып жүрдік. Үйленуге ұсыныс жасады", - деп жазды Жанқош Тұраровтың келіншегі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2175131-bir-zharym-zhyldan-keiin-kezdestik-zhanqosh-turarovtyng-aieli-sportshymen-qalai-tanysqanyn-aitty/