
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке байрақты бәсекеде күміс медаль еншілеген Нұрбек Оралбай бокстың әдіс-тәсілдерін үйретіп жүр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Желіде қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай дзюдошы Елдос Сметовке бокстың әдіс-тәсілдерін үйретіп жатқан видеосы тарады. Әзіл ретінде түсірілген видеода Елдос Сметов бокс қолғабын киіп, соққы жасап жатқанын көруге болады. Оған Нұрбек Оралбай қалай ұру керек екенін де айтып жатыр.
"Келесі Олимпиада Лос-Анджелесте өтеді. Мен бокстан шығайын деп жатырмын", - деп әзілдеді Елдос Сметов.
Бұл видеоға қатысты Нұрбек Оралбай: "Елдос келесі Олимпиадаға бокстан бірге барайық", - деп жазды.
Айта кетейік, Елдос Сметов Париж Олимпиадасында дзюдодан 60 кг дейінгі салмақта чемпион атанған болатын.
Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасында бокстан 80 кг дейін салмақта сынға түсіп, финалға дейін жеткен. Ақтық сында Нұрбек Оралбай украиналық Александр Хижняктан айласын асыра алмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2175296-nurbek-oralbai-dziudoshy-eldos-smetovke-boks-adisterin-uiretude-video/