jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Илья Ильин 10 айлық қызы туралы қуанышты жаңалығын бөлісті

    Илья Ильин және оның отбасы
    Илья Ильин және оның отбасы. Фото: instagram.com/ilyina_tatyana_

    Қазақстандық спортшы Илья Ильин әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол 10 айлық қызының тілі шыққанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы қызының сөйлеген видеосын Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

    "Айлиша алғашқы сөзін айтты, "әке" деді. Бұл жақсы жаңалықты сіздермен бөлісіп отырмыз", - деп жазды Ильин.

    Желі қолданушылары видеоның астына ізгі тілектерін қалдырды.

    "Үлкен мықты азамат болсын, өзің сияқты!", "Тәп-тәтті Айлиша ата-анасының мейіріміне бөлене берсін!", "Күшті айттыңыз қазақша. Қазақ тілін қайдан білесіз?", "Өте қуаныштымыз", "Керемет, әкесінің қызы тіл көзден аман болсын балапан", - деп жазды оқырмандар.

    Айта кетейік, биыл ақпанда Илья Ильиннің екінші перзенті дүниеге келген еді. Қызға Айли деген есім берілді. Спортшы өткен жылдың қаңтарында екінші рет отау құрған болатын. Оның таңдауы кәсіпкер Татьяна Гордиенкоға түскен.

    Илья Ильиннің алғашқы жұбайы қазақстандық гандболшы Наталья Кулакова болған. 2009 жылы ерлі-зайыптының Милан есімді қызы өмірге келді. Ал 2017 жылы Илья мен Наталья ажырасып кетті.

    Илья Ильин 10 айлық қызы туралы қуанышты жаңалығын бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.