jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина әйгілі футболшы Неймармен кездесті (фото)

    Елена Рыбакина, Неймар және Жасмин Паолини
    Елена Рыбакина, Неймар және Жасмин Паолини. Фото: instagram.com/eurosport

    Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA қорытынды турниріндегі алғашқы матчы алдында Неймармен суретке түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    2 қарашада қазақстандық теннисші WTA – 2024 қорытынды турниріндегі алғашқы ойынын өткізді. Оның қарсыласы әлемнің төртінші ракеткасы, италиялық спортшы Жасмин Паолини болды. Бұл кездесуде Рыбакина 6:7 (5:7), 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

    Ойын басталар алдында кортқа арнайы қонақ – әйгілі бразилиялық футболшы Неймар шықты. Ол теннисшілермен суретке түсті де, дәстүр бойынша тиын лақтырды.

    "Ең болмаса, Неймармен түскен суретім бар", - деп жазды Рыбакина Instagram-дағы Stories-ке.

    Қазақстанның бірінші ракеткасы енді Қытай өкілі, әлемнің жетінші ракеткасы Чжэн Циньвэньмен ойнайды. Матч бүгін, 4 қарашада өтеді деп жоспарланған.

    Айта кетейік, Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан турнирдің жалпы жүлде қоры – 15 миллион 250 мың АҚШ доллары (7,4 миллиард теңге). Жарысқа қатысқаны үшін теннисшілерге 335 мың доллар, топтық кезеңдегі әрбір жеңісі үшін – 350 мың доллар, жартылай финалдағы жеңісі үшін – 1,27 миллион доллар, финалдағы жеңісі үшін – 2,5 миллион доллар беріледі. Турнир чемпионы жарыс барысында бірде-бір кездесуде жеңілмейтін болса, оның сыйақысы 5 миллион 155 мың доллар болады.

    Елена Рыбакинаның Instagram Stories-і
    Елена Рыбакинаның Instagram Stories-і. Скриншот: instagram.com/lenarybakina

    Елена Рыбакина әйгілі футболшы Неймармен кездесті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.