jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қуат Хамитов Дональд Трамптың жеңісіне қатысты пікір білдірді

    Қуат Хамитов
    Қуат Хамитов. Фото: instagram/kuat_khamitov

    Қазақстандық файтер Қуат Хамитов АҚШ президенттік сайлауында "Республика" партиясы атынан үміткер болған Дональд Трамптың жеңісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Трамп – көпшілігі күмәнмен қараған ММА-дің болашағына сенген алғашқы адам. Сондықтан менің ойымша, мұндай президент Американың спортына зиянын тигізбейді. Жалпы кез келген елде президенттің спортты қолдауы және оны түсінуі – үлкен мәртебе", - деді Қуат Хамитов.

    Айта кетейік, кеше, 5 қарашада АҚШ-та президенттік сайлау өтті. Fox News телеарнасының алдын ала мәліметі бойынша, Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайлану үшін қажетті 270-тен астам дауыс жинап, қарсыласы Камала Харристі басып озды. Осылайша, Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне екінші рет келмек.

    Еске сала кетейік, Дональд Трамп бұрындары кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жектеріне арнайы қатысқан және ол UFC-дің жанкүйері ретінде танымал. Оны UFC-дің жауынгері Шавкат Рахмоновтың жекпе-жектерін де тамашалаған.

    Қуат Хамитов Дональд Трамптың жеңісіне қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.