jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Өзбекстандық спорт жанкүйері Антарктидаға Қазақстан туын тікті (видео)

    Абдурахмон Фазилов Қазақстан туын орнатып жатыр
    Абдурахмон Фазилов Қазақстан туын орнатып жатыр. Скриншот: instagram.com/abdurahmon_fazilov

    Өзбекстандық блогер әрі спорт жанкүйері Абдурахмон Фазилов Антарктидаға барып, түркі мемлекеттерінің туын орнатты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Абдурахмон Фазилов Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялаған видеодан Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан мемлекеттерінің байрақтарын шыңға қадағанын көруге болады.

    "Достығымыз бен тыныштығымыз мәңгілік болсын. Бұл видеоны мүмкіндігінше әлемге таратайық", - деп жазды Фазилов.

    Видеоға қазақстандықтар да пікір қалдырып, Абдурахмон Фазиловқа алғыс айтты.

    "Жарайсыз, алға Қазақстан", "Қазақ елі атынан мың алғыс, достығымыз мәңгі болсын", "Күшті, көп рахмет", - деп жазды қазақстандықтар.

    Фазилов желідегі парақшасында Антарктидаға сапарының қызығы мен қиындығы туралы бірнеше контент жариялаған. Қазір Абдурахмонның 1,4 млн оқырманы бар. Еске салайық, қазақ ақынының арнауы Өзбекстанның тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шарада шырқалған еді.

    Өзбекстандық спорт жанкүйері Антарктидаға Қазақстан туын тікті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.