jitsu gif
Спорт

    Тарихи жеңіс: шымкенттік спортшы фристайл-акробатикадан әлем чемпионы атанды

    Дінмұхаммед Райымқұл
    Дінмұхаммед Райымқұл. Фото: instagram.com/ akimat_shymkent

    Алматыда жасөспірімдер арасындағы фристайл-могул және фристайл-акробатикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Халықаралық жарысқа 13 елден келген 110 спортшы қатысуда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Чемпионаттың үшінші күнінде Шымкент қаласының спортшысы Дінмұхаммед Райымқұл фристайл-акробатикадан алғашқы алтын жүлдені иеленіп, тарихи жеңіске қол жеткізді.

    Дінмұхаммед жарыс барысында 104.52 ұпай жинап, қарсыластарын басып озды.

    2006 жылы дүниеге келген Дінмұхаммед Райымқұл – Шымкент тумасы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол – ұлттық құрама мүшесі, Жастар ойындары мен спартакиада жеңімпазы, әлем және Еуропа кубоктарының жүлдегері.

    Тарихи жеңіс: шымкенттік спортшы фристайл-акробатикадан әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.