jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық футболшының әйелі отбасымен бірге жол апатына түскенін айтты

    жол
    Жол. Көрнекі фото: pixabay.com

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан отбасымен бірге жол апатына түсті. Бұл туралы әлеуметтік желіде футболшының жұбайы Еркежан Талғатбекова жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Еркежан Талғатбекованың сөзінше, оқиға 15 қаңтардан 16-сына қараған түні болған.

    "15-інен 16-сына қараған түні біз отбасымызбен жол апатына түстік, ғажаптың күшімен аман қалдық. Бұл ғажайып Жаратушының мейірімі деп білемін. Отбасымызға көз тиді ме, сөз тиді ме білмеймін. Дегенмен бір өлім аузынан аман қалдық. Бұны да бір сынақ деп қабылдадым", - деп жазды футболшының жұбайы Instagram-дағы парақшасында.

    Сондай-ақ ол сторис бөлімінде оқиға болған сәтте түсірілген видеоны да жариялады.

    Скриншот
    Скриншот : instagram.com/stories/erkezhantalgatbekova/

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.