Спорт

Зектілері

"Басқа бапкерлерге мүмкіндік беруді жөн көрдім": Әлия Юсупова ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті

Жарияланған күні:

Әлия Юсупова. Фото
Әлия Юсупова. Фото: instagram.com/aliya_yussupova15

Әлия Юсупова көркем гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы ақпарат Қазақстан гимнастика федерациясының Instagram-дағы парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көркем гимнастикадан Қазақстанның ең танымал тұлғаларының бірі Әлия Юсупова ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кеткенін жариялады. ⠀ Екі бірдей Олимпиада ойындарының қатысушысы болған ол 2012 жылдан бастап Қазақстан құрамасын басқарып, отандық көркем гимнастиканы жаңа деңгейге шығарды. Оның жетекшілігімен қазақстандық гимнасттар халықаралық ареналарда табыстарға жетіп, құрлықтық чемпионаттарда, Азия ойындарында және әлемдік турнирлерде медальдар жеңіп алды.

"2009 жылы спорттық мансабымды аяқтаған соң, өзімді бапкерлік қызметте сынап көргім келді. Мен өзім дайындаған гимнастты Олимпиадаға шығарып, сол ойындарға бапкер ретінде қатысуды мақсат еттім. 2012 жылы маған осындай мүмкіндік беріліп, Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне кірістім. Үш Олимпиада да біз жақсы нәтижелер көрсете алдық. Үш рет гимнасттарды Олимпиадаға дайындағаныма өте қуаныштымын.

Мұндай жауапты қызметте маған сенім артқаны үшін елге, басшылыққа алғысымды білдіремін. 2025 жылдың қаңтарынан бастап бас бапкер қызметінен кетемін, өйткені федерациядағы жұмысқа толықтай көңіл бөлгім келеді. Осылайша, басқа бапкерлерге өздерін көрсетуге мүмкіндік беруді жөн көрдім. Баршаңызға сәттілік тілеймін", – деді Әлия Юсупова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2212679-aliia-iusupova-ulttyq-quramanyng-bas-bapkeri-qyzmetinen-ketti/