jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жека Fatbelly артық салмақтан арылу үшін танымал JanaMen жобасына қатысатын болды

    Жека
    Жеканың жобада көзіне жас алған сәті. Скриншот: Instagram / zheka_fatbelly

    Әлеуметтік желіде Жека Fatbelly лақап атымен танылған қазақстандық вайнер Жеңіс Омаров Айтым Жақыповтың JanaMen жобасына қатысатын болды. Бұл туралы блогердің желі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Блогер артық салмақтан арылу үшін бұл жобаға қатысуға бел буғанын Instagram парақшасында жария еткен. Ол Айтымның жобасында көзіне жас алып, жаттығуларға бар денін салып жатқан сәтінен видеоны бөлісті.

    "Жақында...@zheka_fatbelly JanaMen-ге айналады", - деп жазған блогер видео астына.

    Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанышты екендерін жасырмады. Олар блогерге оң бастамасында сәттілік тілеп, діттеген мақсатына қол жеткізетініне мол сенім білдірді.

    "Бауырым мені де ала кетші", "Айтым мені де алып кетсе ғой", "Екінші Юса болады", "Тамаша, неге Айтымға бармай жүр деп ойлап жүрген ем", "Алла қолдасын, балам, сәттілік, мақсатыңа Алла жеңілінен жеткізсін", "Жека, қолыңнан келеді, саған сенеміз", "Алған бетіңнен қайтпа", - деп жазған пікір қалдырушылар.

    Айта кетсек, Айтым Жақыпов – Street Workout бойынша Қазақстанға ғана емес, әлемге танымал қазақстандық блогер, кәсіби жаттықтырушы. Оның JanaMen жобасы 2021 жылдан бастап іске қосылған және артық салмақтан арыла алмай жүрген адамдарға көмектесуді мақсат етеді. Бұл жоба бүгінгі күнде әлем бойынша көптің назарында жүр.

    Жека Fatbelly артық салмақтан арылу үшін танымал JanaMen жобасына қатысатын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.