jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен жаңа лауазымға ие болды

    Ермұхамед Мәулен
    Ермұхамед Мәулен. Фото: instagram.com/kff_team

    Ермұхамед Мәулен Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы қызметіне ауысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ​​​​​​​баспасөз хатшысы қызметіне ауысты", - делінген ҚФФ хабарламасында.

    Ермұхамед Мәулен – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. 2013-2016 жылдары Qazsport телеарнасының редакторы қызметін атқарды.

    2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатын қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет оқиға орнынан жүргізген комментатор.

    2017-2018 жылдары "Егемен Қазақстан" газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі, ал 2019 жылы "Хабар" агенттігінің спорт бөлімінің продюсері болды.

    2020 жылы Qazsport телеарнасында арнайы жобалар редакторы қызметін атқарған.

    2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметін басқарды. 2022-2024 жылдары ҚФФ президенті кеңесшісі болды.

    Танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен жаңа лауазымға ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.