
Ермұхамед Мәулен Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы қызметіне ауысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
"Танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы қызметіне ауысты", - делінген ҚФФ хабарламасында.
Ермұхамед Мәулен – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. 2013-2016 жылдары Qazsport телеарнасының редакторы қызметін атқарды.
2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатын қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет оқиға орнынан жүргізген комментатор.
2017-2018 жылдары "Егемен Қазақстан" газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі, ал 2019 жылы "Хабар" агенттігінің спорт бөлімінің продюсері болды.
2020 жылы Qazsport телеарнасында арнайы жобалар редакторы қызметін атқарған.
2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметін басқарды. 2022-2024 жылдары ҚФФ президенті кеңесшісі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2217894-tanymal-sport-kommentatory-ermuhamed-maulen-zhanga-lauazymga-ie-boldy/