jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстан тарихта алғаш рет Азия ойындарында фристайл-акробатикадан алтын медаль алды

    Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов
    Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов. Фото: Нұрғали Жұмағазы, ҚР ҰОК баспасөз қызметі

    Қазақстан тарихта алғаш рет Азия ойындарында фристайл-акробатикадан алтын медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы елімізге екінші алтын медальді сыйлады.

    Біздің спортшылар – Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов синхронды секіруде үздік атанып, бірден екі Қытай командасын артта қалдырды.

    Екінші мүмкіндікте қазақстандық фристайлшылар 97,92 ұпай жинап, жарыстың жеңімпазы атанды.

    Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов
    Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов. Фото: Нұрғали Жұмағазы, ҚР ҰОК баспасөз қызметі

    Екінші орын Қытай құрамасына (93,48 ұпай) бұйырса, үшінші орынды да қытайлық спортшылар (91,57 ұпай) иеленді.

    Асан Асылхан мен Дінмұхаммед Райымқұлов 83,96 ұпаймен төртінші орын алды.

    Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов
    Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов. Фото: Нұрғали Жұмағазы, ҚР ҰОК баспасөз қызметі

    Айта кетейік, Қазақстан алғаш рет Азия ойындарының тарихында осы спорт түрінен алтын медаль жеңіп алды. Осыған дейін күміс пен қола жүлде бұйырған.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін фристайл-акробатикадан Қазақстан әйелдер құрамасы қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанған еді.

    Қазақстан тарихта алғаш рет Азия ойындарында фристайл-акробатикадан алтын медаль алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.