jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қыста өте лас қала": танымал шахматшы Алматының тауына тамсанып, ауасын сынға алды

    Магнус Карлсен әуежайда
    Магнус Карлсен. Фото: instagram/kzchessfederation

    Белгілі норвег шахматшысы Магнус Карлсен Алматыда өткен чемпионат туралы сұқбатында қала туралы ойын айтты. Ол мегаполистегі ауа сапасын сынға алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Чемпион YouTube платформасындағы Джо Роганның подкастында қонақ болған. Сөз арасында Магнус Алматыға сапарын еске алды.

    "Шахматтан әлем чемпионаттары сен күтпеген жерлерде өтеді. Бұл жолы Алматыда, Қазақстанда болды. Ол әсіресе қыста өте лас қала, аса жағымды емес", - деді шахматшы.

    Дегенмен спортшы Алматы тауларына тәнті болғанын мойындады.

    "Онда жарты сағаттық жерде өз Альпісі бар - биіктігі үш жарым мың метрден асатын әдемі тау, ол шынымен таңғаларлық", - деп еске алды ол.

    Алайда таудан алған әсері қаланың ауасын көргенде су сепкендей басылған.

    "Маған тау етегіндегі қалада, төмен жақта қиын болғаны соншалық, "бүгін барымды саламын, өйткені маған таза ауа керек, мен бұл жерден кетуім керек" деп ойладым", - деді ол.

    Еске сал кетейік, Карлсен қатысқан шахматтан әлем чемпионаты 2022 жылдың желтоқсанында өткен еді. Ол кезде спортшы мансабында төртінші рет шахматтан әлем чемпионы атанды.

    "Қыста өте лас қала": танымал шахматшы Алматының тауына тамсанып, ауасын сынға алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.