
Актер, режиссер әрі Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов белгілі спортшы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Өзтүрікпен алғаш қалай танысқанын, сол таныстық қалай достыққа ұласқанын айтып берді, деп хабарлайды "Абай" телеарнасының "Зинһар" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Өнер қайраткері Мұстафа Өзтүріктің Қазақстанға келуі сол заманда үлкен жаңалық болғанын тілге тиек етті.
"Сол бір кезең қазақ жастары үшін өліара кезең еді. Мұстафаның келуі үлкен бір рухани қозғалыс болды. Бәріміз рухтанып қалды. Бірінші көргенімді әңгімесін айтып отырғанында көзіме жас алдым. Қандай ұлтпыз, шіркін, деп. Мұстафаны алғаш көргенде, Махамбет тіріліп келгендей болды. Оны ортамызға алып, әңгімесін тыңдадық.
Ән айттық, күй шерттік, халыққа таныстырдық. Бұл мәңгілік есімізде қалатын кезең. Ғұмырының қысқалығы, өмірі туралы айты берсек, бір хабар жеткіліксіз болады. Оның жастарымыздың рухын оятуда, әрқайсымыздың ұлтқа деген мақтанышымызды еселеуде сіңірген еңбегі орасан", - деп атап өтті Досхан Жолжақсынов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2224823-mahambet-tirilip-kelgendei-boldy-doshan-zholzhaqsynov-mustafa-ozturik-turaly-estelikterin-bolisti/