jitsu gif
Спорт

    Қазақстанның ең сұлу волейболшысы атанған Сабина Алтынбекова ажырасып кеткенін айтты

    Сабина Алтынбекова
    Сабина Алтынбекова. Фото: instagram.com/altynbekova_20

    Қазақстандағы ең сұлу волейболшы атанған Сабина Алтынбекова ажырасқанын хабарлады. Бойжеткен жеке өміріне қатысты өзгеріс болғанын Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алтынбекова жанкүйрелерінің сұрақтарына жауап беріп, жеке өміріне қатысты сұрақтардың да басын ашқан. Желі қолданушыларының бірі оның ажырасқан-ажыраспағанын білгісі келген.

    "Иә, мен ресми түрде тіркелген некеде болдым және ресми түрде ажырасып кеттім. Осыған байланысты сұрақтар көп болды, тақырыпты осы жерден жабамын", - деп жазды спортшы.

    Скриншот
    Скриншот: instagram.com/altynbekova_20

    Сабина жанкүйерлерінің "он жылдан кейін өзіңізді қалай елестетесіз" деген сұрағына "табысты бизнесвумен, тамаша балалардың анасы әрі бақытты әйел ретінде (қазір мен бақытты бойжеткенмін) көремін" деп жауап қатты.

    Еске салайық, волейболшы продюсер Саят Тостықбаевқа 2020 жылдың желтоқсан айында тұрмысқа шыққан еді. Сабина Алтынбекова тойынан кейін алғаш рет жеке өмірі жайлы сыр шертіп, Саятпен махаббат хикаясы қалай басталғанын айтып берген болатын. Спортшы арудың жүрегін жаулау ер азаматқа оңайға соқпаған. Алайда өзіне сенімді Саят үш кездесуден соң Сабинаға ұсыныс жасаған.

    2021 жылғы қазанда Сабина мен Саят ұлды болып, 2022 жылғы желтоқсанда Сабина спортқа қайтып оралатынын мәлімдеген болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.