jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Олимпиададан кейін ғана тұрмысқа шығамын": Назым Қызайбай жеке өмірі туралы айтты

    Назым Қызайбай
    Назым Қызайбай. Фото: ҰОК/Тұрар Қазанғапов

    Қазақстан боксы тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай жеке өмірі туралы тосын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды elordainfo.kz.

    "Қазір әлеуметтік желілерде “Олимпиададан кейін тұрмысқа шығамын” деген тренд бар. Мен де солай ойлаймын (күлді). Қазір менің алдымда көп жоспар мен мақсаттар тұр. Бірақ, менің ойымша, адам өзінің жан серігін кездестіргенде, ешқандай жоспар маңызды болмай қалады. Қазіргі уақытта менің жігітім жоқ, сондықтан бұл тақырыпта нақты пікір айта алмаймын. Уақыт көрсетер деп ойлаймын", — деп бөлісті Қызайбай YouTube-тағы "Спорт Министрі" арнасына берген сұхбатында.

    Еске салайық, бұған дейін қазақ боксшысы Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Қазақстан боксы тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды.

    "Олимпиададан кейін ғана тұрмысқа шығамын": Назым Қызайбай жеке өмірі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.