RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

СҚО-да әлемдік додада топ жарған спортшыларға пәтер, көлік, ақшалай сыйақы берілді

Жарияланған күні:

марапатталған спортшылар
Марапатталған спортшылар. Фото: СҚО әкімдігі

СҚО-да Наурыз мейрамын тойлау кезінде халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, жүлдегер атанған спортшыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Марапаттау рәсімінде облыс басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов парабиатлоннан әлем кубогында Үлкен хрусталь глобусты жеңіп алған Ербол Хамитовқа жаңа автокөліктің кілтін табыс еткен.

Ал қазақ күресінен әлем чемпионы Мейіржан Берекетовке жаңа пәтердің кілті табысталған.

Сондай-ақ парашаңғы спортынан әлем кубогының жүлдегері Александр Герлицке, конькимен жүгіруден Азия ойындарының қола жүлдегері Надежда Морозоваға және бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері Наталья Богдановаға ақшалай сыйақы берілген.

Облыс басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов пен Александр Герлиц
Облыс басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов пен Александр Герлиц. Фото: СҚО әкімдігі

"Біздің талантты спортшыларымызды жоғары жетістіктерімен құттықтаймын және оларға әлемдік ареналарда жаңа жеңістер тілеймін!" - дейді өңір басшысы.

Айта кетейік, пара биатлоншы Ербол Хамитов жеңіп алған Хрусталь глобус Қазақстанға 31 жылдан кейін бұйырып тұр. Хрусталь глобусты соңғы рет яғни, 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов (1990/1991 және 1993/1994 жылғы маусым) иеленген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2230653-sqo-da-alemdik-dodada-top-zhargan-sportshylarga-pater-kolik-aqshalai-syiaqy-berildi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif