jitsu gif
Спорт

    31 жылдан кейінгі тарихи жеңіс: Ербол Хамитов Хрусталь глобусты жеңіп алды (фото)

    Хрусталь глобусты сүйіп тұрған Ербол Хамитов
    Хрусталь глобусты сүйіп тұрған Ербол Хамитов. Фото: Турзим және спорт министрлігі

    Қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов 2024-2025 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық спортшы атанды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    11 наурызда Швецияның Торсби қаласында маусымның соңғы жарысы – спринт өтті. Ербол бұл жарыста екінші алып, маусым бойы жинаған ұпайларының арқасында Хрусталь глобусты иеленді.

    Бұл маусымда Ербол бірнеше маңызды жеңіске қол жеткізіп, жалпы есепте 1005 ұпай жинады. Сонымен қатар ол биатлоннан әлем чемпионатында алтын медаль еншіледі.

    Ербол Хамитов
    Ербол Хамитов. Фото: Турзим және спорт министрлігі

    Айта кетейік, Хрусталь глобус Қазақстанға 31 жылдан кейін бұйырып тұр. Хрусталь глобусты соңғы рет яғни, 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов (1990/1991 және 1993/1994 жылғы маусым) иеленген болатын.

    "Қазақстан үшін қысқы спорт түрлерінде Әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жету – өте сирек кездесетін және аса маңызды оқиға. Бұл жетістік – Қазақстан пара спортындағы жаңа белес. Енді басты мақсат – 2026 жылы Италияда өтетін Қысқы Паралимпиадада жеңіске жету", - делінген министрлік хабарламасында.

    Ербол Хамитов – Қазақстанның пара биатлон және пара шаңғы спортындағы ең табысты спортшылардың бірі. Оның жетістіктері:

    Пара биатлон:

    • 2024-2025 жылғы маусымда Әлем кубогының жалпы есебінің жеңімпазы (Хрусталь глобус иегері);
    • 2025 жылғы әлем чемпионатының алтын жүлдегері;
    • 2022-2023 жылғы маусымда Әлем кубогының кезеңдерінде бірнеше рет жеңімпаз және жүлдегер атанған;
    • 2022-2023 жылғы әлем чемпионатының қола және күміс жүлдегері.

    Пара шаңғы:

    • 2023 жылғы әлем чемпионы (900 м спринт);
    • Әлем кубогының кезеңдерінің жеңімпазы және жүлдегері;
    • Қазақстан чемпионы (2020-2022).

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.