RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Шавкат Рахмоновтың қарындасы ана атанды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сора Рахмонова мен Нұрсұлтан Орынбасаров
Сора Рахмонова мен Нұрсұлтан Орынбасаров. Фото: instagram.com/orynbassarov_team/

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова ана атанды. Сүйінші жаңалықты оның күйеуі Instagram желісінде жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сора Рахмонованың күйеуі Нұрсұлтан Орынбасаров қызды болғанын хабарлады.

"Қуанышты бөліссең көбейеді демекші, осы бір жаңалығымды айтып, сіздердің ақ тілектеріңізбен бақытымды еселегім келді! Маған "әке", жарыма "ана" деген ең құрметті атақ беріп, шаңырағымызда бір жұлдыз жанды, қызымыз өмірге келді! Аллаға шүкір", - деп жазды ол.

Ол желіде жарының парақшасын белгілеп, оған рақметін айтты.

Сондай-ақ құттықтап жатқан барша ағайынға да алғыс білдірді.

Еске сала кетейік, былтыр тамызда Сора Рахмонова Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне қызметке келген болатын. Ол жаңа қызметінде Төтенше жағдайлар министрлігі құрылымдарында спорттық идеологияны насихаттаумен айналысатыны хабарланды.

Қазір Сора Рахмонованың статистикасында төрт жеңіс пен бір жеңіліс бар. Оның соңғы жекпе-жегі 2023 жылдың мамыр айында Валерия Карягинаға қарсы өтті, Сора қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2233134-shavkat-rahmonovtyng-qaryndasy-ana-atandy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif