jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "40 бақытты бала": Назым Қызайбай көпбалалы отбасыларға қаржылай көмек бергенін айтты

    Назым Қызайбай
    Назым Қызайбай. Фото: Нұрғали Жұмағазы, Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Instagram желіcіндегі парақшасында 40 балаға қуаныш сыйлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Боксшы мектепке 5-6 баласы баратын ата-аналарға ақшалай көмек қолын созғанын айтты. Ол қалтасынан 2 млн теңге шығарып, аналарға бөліп берген.

    "-2 млн теңге, +40 бақытты бала, күлімдеген көп балалы аналар. Жақсылық санмен емес жүрекпен өлшенеді", - деп жазды Назым Қызайбай Instagram желісінде.

    Айтуынша, ол төрт, бес, алты баласы мектепке баратын аналарға көмектескен. Ал мұқтаж отбасылар әлі де көп. Боксшы басқаларды да жақсылық жасауға шақырды.

    "Егер шын ниетпен көмектескісі келетіндер болса, жеке мәліметтерін бере аламыз, көмекшіме жазсаңыздар болады. Барлығынан құжат сұралды, аударым тек растаудан кейін жасалады.

    Аз да болса қолымнан келгенше көмектестім. Мүмкіндік болса тағы да көмектесемін, Алла қаласа", - деп жазды боксшы.

    Назым Қызайбай
    Назым Қызайбай. Скриншот: instagram.com/nazym_kyzaibay09

    "40 бақытты бала": Назым Қызайбай көпбалалы отбасыларға қаржылай көмек бергенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.