jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шавкат Рахмоновтың қарындасы жол апатына түскен жеңгесінің жағдайы туралы айтты

    Сора Рахмонова
    Сора Рахмонова. Фото: instagram.com/sora_rakhmonova_

    Қазақстандық спортшы Сора Рахмонова ағасы Шавкат Рахмоновтың отбасындағы жағдайға қатысты желіде пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сора Рахмонова Instagram желісіндегі Stories бөлімінде ағасының отбасындағы жағдайға алаңдаған жандарға алғысын білдіріп, мұндайды ешкімнің басына тілемейтінін жазды.

    "Мұндай ауыр жағдай ешкімнің басына келмесін! Ертең не боларын бір Алла біледі...

    Жеңгеме Алла жар болсын! Екі бірдей жақынынан айырылып, өзі де жарақат алды.

    Қайтыс болған жандардың иманы жолдас болсын! Жандары жәннатта болғай" - деп жазды Шавкат Рахмоновтың қарындасы.

    Еске сала кетейік, бірер күн бұрын желіде "Шавкат Рахмоновтың жұбайының қатысы бар" делінген жол апаты туралы ақпарат тараған еді. Жол-көлік оқиғасы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы тас жолда болған.

    Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, Toyota Land Cruiser 200 жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол талғамайтын көлік аударылған. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді.

    Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Сора Рахмонованың Stories-тегі жазбасы
    Сора Рахмонованың Stories-тегі жазбасы. Скриншот: instagram.com/sora_rakhmonova_

    Шавкат Рахмоновтың қарындасы жол апатына түскен жеңгесінің жағдайы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.