UEFA талаптарына сай: Алматыда 35 мың көрермен сыятын жаңа футбол стадионы салынады (видео)
Жарияланған күні:
Алматыда халықаралық деңгейдегі заманауи стадион бой көтермек. Қала әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында жоба барысымен танысты. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, жаңа арена 35 мың көрерменге есептеліп, UEFA-ның төртінші санат талаптарына сай келеді.
Жоба аясында жаттығу алаңдары, жанкүйерлерге арналған демалыс орындары, заманауи қауіпсіздік жүйелері және аумақты абаттандыру қарастырылған.
Стадион Құлжа мен Талғар тас жолдарының арасында, аумағы шамамен 15 гектар жерде салынады. Бұл аумақ болашақта қала үшін көлік-логистикалық хабқа айналып, көрермендер мен қонақтарға барынша ыңғайлы жағдай жасалмақ.
"Президенттің тапсырмасына сәйкес жұмысты жеделдетуіміз қажет. Келер жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталуға тиіс", - деді Алматы әкімі Дархан Сатыбалды.
Сондай-ақ 65 жылдан астам тарихы бар Орталық стадион сақталып, жеңіл атлетика инфрақұрылымы ескеріле отырып жаңғыртылады. Ол Алматы спорт тарихының бір бөлігі болып қала бермек.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2279037-uefa-nyng-talaptaryna-sai-almatyda-35-myng-korermen-siiatyn-zhanga-futbol-stadiony-salynady-video/