jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Тараз қаласында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр

    Футбол алаңы
    Фото: Тараз қаласының әкімдігі

    Тараз қаласында бүгінде дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Айталық, қазіргі таңда қала аумағында 510 спорт нысаны жұмыс істесе, оның 362-сі "Әулиеата", 148-і "Жібек жолы" ауданында орналасқан.

    Биыл шаһарда 11 шағын футбол алаңшасын салу жоспарланған. Қазіргі таңда солардың 5-еуінің құрылысы аяқталса, 6 нысан бойынша жұмыстар әлі де жалғасын табуда.

    Футбол алаңы
    Фото: Тараз қаласының әкімдігі

    Бұған қоса, ағымдағы жылы 12 спорт алаңшасына қалпына келтіру көзделіп отыр. Оның ішінде Театральная №5, "Мыңбұлақ" шағынауданы, №21, "Қарасу" шағын ауданы, №8, "Алатау" шағынауданы, №35, "Танты" алқабы Маметов көшесі, №1, "Шайқорық" алқабы Қонаев көшесі, №19, "Қоңыртөбе" алқабы Күлтөбе көшесі, № 2, "Ақбұлым" алқабы Сарыбұлақ көшесі, №8 үйлердің аулаларындағы, "Денсаулық" саябағы мен "Қарасай" алқабындағы жұмыстар толығымен аяқталса, "Жайлау" шағынауданы мен №18, "Алатау" шағынауданы, №52 үйлердің аулалары бойынша мердігер анықталып, жөндеу жұмыстары басталды.

    Футбол алаңы
    Фото: Тараз қаласының әкімдігі

    Сонымен қатар бұқаралық спортты дамытуға бағытталған ірі жобалардың бірі – "Ұлы Дала" (15) шағынауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы.

    Бұл кешенді салу үшін Ш.Жандарбекова көшесі №31 учаскесінен көлемі 1,1278 гектар жер телімі бөлініп, ағымдағы жылдың І тоқсанында құрылыс жұмыстары басталды. Нысан құрылысы 2026 жылы тәмамдалады деп жоспарлануда.

    Тараз қаласында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.