"Бесінші сәбиіме аяғым ауыр": Шавкат Рахмоновтың жұбайы ажырасқанын мәлімдеді
Жарияланған күні:
Танымал қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың жары Гүлайым Рахмонова желідегі парақшасында мәлімдеме жасады. Ол ажырасқаннан кейін спортшы балаларынан бас тартқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Аралас жекпе-жек балуаны Гүлайым Рахмонова Instagram желісіне жазба жариялап, спортшымен ажырасқанын мәлімдеді. Сонымен бірге ол балуан балаларынан бас тартқанын да айта кетті.
"Ажырасқаннан кейін балалар тек анасына керек болады дейді. Бүгін ол өз балаларынан бас тартты, бәрібір олар арнасына секілді болады-мыс... Мұндай қайырымды әке бір күні: "Балаларды енді әкелме!", - деп айтады деп еш уақытта ойламаппын.
Иә, мен төрт баланы өмірге әкелдім және бесінші сәбиіме аяғым ауыр. Көп бала туады екем тағы да. Не айтуға болады... Әкесіне балалары керек болмаса, әкесі де оларға керек емес! Алла маған балаларымды аяққа тұрғызуға және жағдайын жасауға күш берсін", - деп жазды ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2356509-besinshi-sabiime-aiagym-auyr-shavkat-rahmonovtyng-zhubaiy-azhyrasqanyn-malimdedi/