jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

    Серік Сәпиев
    Серік Сәпиев. Фото: gov.kz

    Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясында лауазымға ие болды. Енді ол федерация президентінің кеңесшісі қызметін атқармақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қазақстан бокс федерациясының ресми Instagram аккаунтында хабарланғандай, Қазақстан бокс федерациясы президентінің боксты дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметінде Серік Сәпиев бокс құрамаларының нәтижесін жақсарту, спорт түрін дамыту бойынша жүйелі жұмыс пен Олимпиада ойындарындағы жоғары жетістік жолында жұмыс атқарады.

    Бұған дейін Сәпиев Қазақстан Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі және XX жазғы Азия ойындарына дайындық жөніндегі штабтың спорт бөлімінің үйлестірушісі болып тағайындалды.

    Естеріңізге сала кетейік, Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов бұған дейін Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасындағы қызметтерінен босатылған болатын.

    Серік Сәпиев пен оның орынбасарына қатысты жанжал

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында төбелес болғаны туралы хабарламалар тараған болатын. Төбелестің видеосы желіде тарап кеткен.

    Кейін Азия дзюдо одағы президентінің кеңесшісі және Астана дзюдо федерациясының президенті Айдар Махметов Серік Сәпиевпен сөйлескенін мәлімдеді. Ол кез келген төбелес туралы хабарламалар жалған екенін нақтылады.

    Сәпиевтің өзі де орынбасары Дәурен Есімхановпен болған қақтығыс туралы пікір білдіріп, оқиғаның себебін түсіндірді. Басқарма тергеу жүргізуді тапсырды.

    Дәурен Есімханов та оқиға туралы пікір білдірді. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов та өз ойын ортаға салды.

    Артынша Қарағанды облысы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік департаменті жанындағы әдеп туралы кеңес Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановтың ісін қарастырды.

    Айта кетсек, Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы дүниеге келген. Бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы. Екі дүркін әлем және Азия чемпионы. ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. Парасат орденінің, Вэл Баркер Кубогінің иегері.

    Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.