jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Михаил Шайдоровтың жалақысына қатысты мәселе: туризм және спорт министрі жағдайды жеке бақылауына алды

    Михаил Шайдоров
    Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров. Фото: Joosep Martinson/Getty Images

    Спорт министрі Ербол Мырзабосынов Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа жалақы төлеу мәселесін өз бақылауына алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, ведомство басшысы Ербол Мырзабосынов Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жалақысына қатысты мәселені жеке бақылауына алды.

    Ведомстводағылар алдыңғы Олимпиада циклі аяқталғаннан кейін ұлттық құрамадағы барлық спортшы сияқты Михаил Шайдоровқа келесі Олимпиада цикліне жаңа келісімшарт ұсынылғанын мәлімдеді.

    Спортшы "Міндеттемелер" тармағына келіспегендіктен, келісімшартқа әлі қол қоймағаны атап өтілген.

    Михаил Шайдоровтың жалақысына қатысты жағдай

    Бұған дейін мәнерлеп сырғанаушы Миландағы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен сәттен бастап жалақы алмағанын, сондай-ақ дәрігерсіз қалғанын айтқан болатын. Оның сұхбатына қатысты Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі жанындағы Спортты дамыту дирекциясы түсінік берді.

    Сонымен қатар Михаил Шайдоров бұрын өзіне Ресей атынан өнер көрсету туралы ұсыныс түскенін де жеткізді. Кейінірек Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәнерлеп сырғанаушының жақын арада тиісті төлемдерді алатынына сендірді.

    Бүгін спортшы міндеттемелер туралы тармаққа байланысты жаңа олимпиадалық циклге арналған келісімшартқа қол қоя алмайтынын мәлімдеді.

    "2026 жылға арналған жаңа келісімшартты талқылау үшін менімен және менің командаммен тек мамырдың ортасында ғана байланысқа шықты, менде мұны растайтын хат-хабарлар бар. Келісімшарт менің сомаға келіспегенімнен немесе олар айтып, көрсеткісі келгендей келуден бас тартқанымнан мақұлданбай тұрған жоқ. 2026 жылдың соңына дейін жарамды келісімшартта 2030 жылғы Олимпиадада медаль жеңіп алу міндеттемесі тұр.

    Біз командамызбен заңды тұрғыдан бұл тармақты қайта қарауды ғана сұрадық, өйткені бұл қисынсыз және мүмкін емес, мен 2026 жылы тұрып, тек 4 жылдан кейін өтетін Олимпиаданы ұтып ала алмаймын ғой. Біз бұл сұрақтарды заңгерлерге қойып, осы тармақты қайта қарауды өтіндік, бірақ БАҚ-та айтылғандай, бүгінгі күнге дейін бізбен ешкім байланысқа шыққан жоқ. Осы болып жатқан жайттардың барлығын ескере отырып, мен барлық төлемдер, келісімшарт жасасу және басқа да мәселелер қолдан созылып келді деп болжаймын, сондықтан да мұны жария еттім", - деді ол.

    Михаил Шайдоровтың жалақысына қатысты мәселе: туризм және спорт министрі жағдайды жеке бақылауына алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.