jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Отандық әзілкеш Қарағанды облысы күрес федерациясына вице-президент болып тағайындалды

    Әзілкеш Айдос Қожахметов
    Әзілкеш Айдос Қожахметов. Фото: instagram.com/karaganda_wrestling_federation

    Белгілі қазақстандық әзілкеш әрі блогер Айдос Қожахметов Қарағанды облысы күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды. Бұл туралы федерация Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Федерация мәліметінше, ол медиа мәселелері жөніндегі вице-президенті болып тағайындалған.

    "Айдос Кожахметов - қазақстандық блогер, әзіл әрі өмірлік видеолардың авторы, стендап-әзілкеш, актер әрі әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы. Ол күнделікті өмірі, отбасы мен адамдар арасындағы қатыынастар мен қазақстандықтардың тұрмысы туралы қысқа роликтерімен танымал. Оның видеоларының көбі миллион қаралым жинайды.

    Одан бөлек Айдос музыкамен айналысады. Оның әндері көбіне отбасылық құндылықтарға, ата-анасы мен жақындарына арналған", - делінген хабарламада.

    Отандық әзілкеш Қарағанды облысы күрес федерациясына вице-президент болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.