Боксшы Сәкен Бибосыновқа жаңа әскери шен берілді
Жарияланған күні:
Танымал боксшы Сәкен Бибосыновқа жаңа әскери шен берілді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Клубтың Instagram-дағы аккаунтында жарияланған мәліметке сүйенсек, Армия орталық спорт клубының спортшысы, екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосыновқа аға лейтенант әскери атағы берілген.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов – қазақ боксының жарқын өкілдерінің бірі.
Ол 2021 жылғы Белградта, 2025 жылғы Дубайда өткен әлем чемпионттарынының жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс, қола жүлдегері, сондай-ақ Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.
Бүгінде ол әуесқой бокспен қатар кәсіпқой рингте де бағын сынап жүр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2387109-boksshy-saken-bibosynovqa-zhanga-askeri-shen-berildi/