Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын медаль иеленді
Жарияланған күні:
Қазақстанның триатлон құрамасы Қытайдың Сюйчжоу қаласында өткен Азия чемпионатында екі жүлде иеленді. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі жазды.
Ел қоржынына екі медаль түсті. Жеңіс тұғырынан Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова көрінді.
Айнегов 17 жасқа дейінгі санатта ең үздік нәтиже көрсетіп, "суперспринт" қашықтығын 00:25:49 уақытпен аяқтады.
15 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарыста Бузуртанова қашықтықты 00:30:56 уақытта еңсеріп, чемпион атанды.
Ертең, 14 маусым күні эстафеталық жарыстарда медальдар сарапқа салынады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2388135-aziia-chempionatynda-qazaqstan-quramasy-2-altyn-medal-ielendi/