"Қатты өкінемін": әкімшілік қамаудан кейін бостандыққа шыққан Данияр Елеусінов оқиғаға пікір білдірді
Жарияланған күні:

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулік әкімшілік қамаудан кейін бостандыққа шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Данияр Елеусінов болған жағдайға қатысты қысқаша пікір білдірді.
"Болар іс болды. Бұл жағдайға қатты өкінемін", - деді Олимпиада чемпионы.
Айта кетейік, 9 шілдеде бокстан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов жол-көлік оқиғасынан кейін ұсталған болатын. Сот оны мас күйде көлік жүргізгені үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2405924-qatty-okinemin-akimshilik-qamaudan-keiin-bostandyqqa-shyqqan-daniiar-eleusinov-oqigaga-pikir-bildirdi/
