jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шіркеу мен зәулім қонақүй: Криштиану Роналдудың алдағы үйлену тойы туралы не белгілі

    Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес
    Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес. Фото: instagram.com/georginagio

    Британиялық танымал The Sun газеті әйгілі футболшы Криштиану Роналду мен модель Джорджина Родригестің алдағы үйлену тойына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Дереккөздің мәліметінше, той сенбі, 8 тамыз күні португалиялық футболшының туған жері – Мадейра аралындағы ең ірі қала Фуншалда өтеді.

    Салтанатты рәсім жергілікті шіркеуде болады. Ал тойдың бейресми бөлімі үшін жақын маңдағы зәулім бес жұлдызды қонақүй алдын ала брондалған.

    Дереккөздің ақпаратына сәйкес, өзге қонақтарға 7 және 8 тамыз күндері қонақүйдің екі қабаты мен бірнеше бар аймағы жабық болатыны ескертілген.

    Бұған дейін Джорджина Родригес тойды дүркіретіп емес, тек жақын адамдардың ортасында шағын қылып өткізуді жоспарлап отырғандарын айтқан болатын.

    Тегі испаниялық әрі аргентиналық модель Роналдумен 2016 жылы өзі кеңесші болып жұмыс істеген Gucci дүкенінде танысқан еді. Көп ұзамай олардың қарым-қатынасы жұртқа белгілі болды.

    Португалиялық футболшы былтыр тамызда сүйіктісіне ұсыныс жасады. Олар бес бала тәрбиелеп отыр.

    Шіркеу мен зәулім қонақүй: Криштиану Роналдудың алдағы үйлену тойы туралы не белгілі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.