Геннадий Головкин ISSA вице-президенті қызметіне үміткер атанды
Жарияланған күні:

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Азия және Еуропа бойынша Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті лауазымына үміткерлердің ресми тізіміне енді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰОК-ке сілтеме жасап.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше, оның кандидатурасы біліктілік және этикалық талаптарға сәйкестігін тексерудің белгіленген рәсімдерінен өтті. Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан ISSA Атқарушы комитетінің 2026-2029 жылдардағы сайлауына үміткер ретінде тіркелді. Тиісті тізім ISSA құрамындағы барлық ҰОК-теріне жолданды.
Сайлау 2026 жылдың 12 қыркүйегінде Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтетін ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығы Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық Олимпиадалық комитеттерін біріктіреді. ISSA ұйымдастыруымен өтетін басты спорттық жарыстардың бірі – Ислам ынтымақтастығы ойындары.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2411084-gennadii-golovkin-issa-vitse-prezidenti-qyzmetine-umitker-atandy/
