Геннадий Головкин "Миротворец" сайтының базасына енгізілді
Жарияланған күні:
Читать на русском
World Boxing президенті, Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин украиналық "Миротворец" сайтының деректер базасына енді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Геннадий Головкин туралы жазба сайтта сенбі, 15 тамызда шықты. Оның базаға енгізілуіне World Boxing федерациясының ресейлік спортшыларға қатысты шектеулерді алып тастауы себеп болды. Енді Ресей боксшылары халықаралық турнирлерде ұлттық рәміздерімен өнер көрсете алады.
ТАСС мәліметінше, атышулы "Миротворец" сайты 2014 жылы құрылған. Онда Қырымға немесе Донбасқа барған, болмаса ресурстың авторларының көңілінен шықпаған журналистер, әртістер мен саясаткерлердің жеке деректері заңсыз жинақталған.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың қарашасында Римде World Boxing конгресі өтті. Сол жиында қазақстандық Геннадий Головкин ұйымның президенті болып бекітілді.
Ал биыл шілдеде Геннадий Головкин басқаратын World Boxing ресейлік боксшыларға салынған шектеулердің алып тасталғанын жариялады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2413630-gennadii-golovkin-mirotvorets-saitynyng-bazasyna-engizildi/
